Ақтөбеде Қаңтар бойынша айыпталған 18 адамның бірі 15 жылға сотталды

Нұрсұлтан Исаев ешқандай қылмыс жасамағанын айтты


02/02/2023
12:44 21945 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Ақтөбеде Қаңтар бойынша айыпталған 18 адамға үкім оқылды. Бұл жөнінде «Азаттық» радиосы хабарлады. 

 

1 ақпанда Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 18 адамға үкім оқылды.

18 адамның ішінде ең ауыр айып Нұрсұлтан Исаевқа тағылған. Сот оны 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Исаев «Құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғу» (380-1 бап, 2-бөлігі) және «Жаппай тәртіпсіздікке қатысты» (272-бап, 2 бөлігі) деп айыпталған еді. Бұған дейін айыпталушының туыстары прокуратураға шағымданып, Исаев қаңтар кезінде халықпен бірге алаңға шыққанын, ешқандай қылмыс жасамағанын айтқан.Исаевтың өзі тергеу изоляторында аштық та жариялаған. 1 ақпанда сот оның кінәсі дәлелденгенін айтты.

Қалған айыпталушыларға шыққан үкім мынадай:

  • Дархан Қами – 4 жылға бас бостандығынан айыру;
  • Еркебұлан Құттыбаев – 9 ай шартты жаза;
  • Рүстем Ахметов – 9 ай шартты жаза;
  • Берік Құспанов – 9 ай шартты жаза;
  • Нұркен Өмірәлі – 9 ай шартты жаза;
  • Қайрат Баймұратов – 9 ай шартты жаза;
  • Жәдігер Ысқақов – 9 ай шартты жаза;
  • Әмірбек Дәукен – 9 ай шартты жаза;
  • Арнольд Сәдуақасов – 9 ай шартты жаза;
  • Асланбек Омаров ақталды;
  • Ернұр Әжниязов ақталды;
  • Қуат Шамұратов тергеу изоляторы мен үйқамақта болған мерзімі есебінен жазасы өтелді деп есептелгендіктен, жазадан босатылды;
  • Нұрбек Мұхит тергеу изоляторы мен үйқамақта болған мерзімі есебінен жазасы өтелді деп есептелгендіктен, жазадан босатылды;
  • Бекжан Аманғосов тергеу изоляторы мен үйқамақта болған мерзімі есебінен жазасы өтелді деп есептелгендіктен, жазадан босатылды;
  • Дархан Әбиев тергеу изоляторы мен үйқамақта болған мерзімі есебінен жазасы өтелді деп есептелгендіктен, жазадан босатылды;
  • Абылайхан Бекеев тергеу изоляторы мен үйқамақта болған мерзімі есебінен жазасы өтелді деп есептелгендіктен, жазадан босатылды;
  • Жанна Есмырзаева тергеу изоляторы мен үйқамақта болған мерзімі есебінен жазасы өтелді деп есептелгендіктен, жазадан босатылды.

Оларға негізінен «Жаппай тәртіпсіздік»«Билік өкіліне күш көрсету»«Қару-жарақ ұрлау» баптары бойынша айыптар тағылған еді.

Істе ондаған жәбірленуші бар. Дені – арнайы жасақ мен полиция қызметкерлері.

 

Поделиться

Нет комментариев.

02/02/2023 12:44
21945 0

Уведомление